31.03.2009, 11:40 3207

Семейде мас жүргізуші бес жүргіншіні соғып кетті

Семейде мас жүргізуші бес жүргіншіні соғып кетті

Семей. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде мас жүргізуші бес жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семей жол полициясы бөліміне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 наурызда сағат 20 шамасында Пржевальская көшесінде "Фольксваген" көлігінің мас жүргізушісі бес жаяу жүргіншіні соғып кетті.

Семей жедел жәрдем станциясының нақтылауынша, 17 мен 20 жас аралығындағы қыздар зардап шеккен. "Қыздар жолдың үстімен қараңғыда топ болып келе жатқан, жүргізуші оларды байқамай қалған. Қыздар түрлі жарақат алды, кейбіреуінде - сынық, кейбірінің миы шайқалған. Олардың жағдайы айтарлықтай ауыр емес, ауруханаға жатқызылды", - деді дәрігерлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны