19.01.2010, 15:15 4360

Семейде осыдан 18 жыл бұрын жасалған милиционерді өлтіру қылмысы әшкереленді

Семейде осыдан 18 жыл бұрын жасалған милиционерді өлтіру қылмысы әшкереленді

Семей. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Семейде осыдан 18 жыл бұрын жасалған милиция қызметкерін өлтіру қылмысы әшкереленді. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ криминалдық полициясының жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстарды әшкерелеу бөлімінің бастығы Серік Баймұханов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, Семей қалалық ІІБ жол-күзет қызметінің 25 жастағы инспекторы 1992 жылдың 6 қыркүйегінде өлтірілген болатын. "Осы уақыт ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл қылмысты әшкерелеуге талпынды, бірақ, оқиғаның куәгерлері де, айғақзаттар да болмауға байланысты істі ашу күрделілік тудырған", - деді С. Баймұханов.

Ал жуырда, 18 жылдан кейін Семей қалалық ІІБ -ына осы кісі өлтіру оқиғасына қатысты шұғыл ақпарат келіп түскен. "Біз оны тексеріп, тектеуге кірісіп кеттік. Соның нәтижесінде 42 жастағы Семей тұрғыны Александр Климов ұсталды, ол қылмысты мойындады. Климовтың айтуынша, 1992 жылдың 6 қыркүйегінде ол өзінің төрт досымен бірге бір автокөлікті айдап әкеткен. Осы көлікпен ішімдік сатып алу үшін дүңгіршекке келген кезде оларға жақындап келген МАИ қызметкері әлгілерден құжаттарын көрсетуді сұраған. Ұсталғандар өз құжаттары "Восточный" ықшамауданында тұратын досының үйінде екенін айтып, оған өздерімен бірге жүруді ұсынады", - дейді С. Баймұханов.

Алайда, оқиға орнына келген МАИ қызметкері өзіне көрсетілген құжаттардың дұрыс емес екенін көреді. "Осы сәтте оның желке тұсынан жақындап келген Климов басынан темірмен ұрып жіберген. Бұдан кейін олар жігіттің мәйітін қала сыртына "Бабий перекат" аралына алып шығып, милиция қызметкері өз бетімен суға түсіп ағып кеткен деген ой тудыру үшін киімін шешіп, өзенге тастап жіберген", - деді С. Баймұханов.

Қазір А. Климов уақытша ұстау абақтысында отыр және ол қылмысын мойындады. Сондай-ақ, оның үш сыбайласы ұсталып, олардың үстінен көлікті айдап әкету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол оқиғаға қатысқан тағы бір адамға іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны