21.06.2007, 10:32 1277

Семейде өткен тәулікте 13 адам уланып ауруханаға жатқызылды

СЕМЕЙ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Семейде өткен тәулікте 13 адам уланып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, олардың арасында 10 адам спиртті ішімдіктен уланған. Науқастардың жасы 20-25 жас аралығында, улану деңгейі - орташа.

Екі адам дәріден уланған. Атап айтсақ, бүгін түнде 18 жастағы қыз өзін өзі өлтіруге талпыныс жасады. "Ол клофелиннің 15 таблеткасын ішіп алған. Зардап шеккен қыз ауруханаға жатқызылды. Оны бұл қадамға итермелеген себеп - белгісіз",- дейді станциядағылар.

Сонымен бірге 14 сағат шамасында Найманбаев көшесінде жеке меншік бөрене үй өртенді. Соның салдарынан 70 жастағы әйел зардап шекті.

"Үйінің өртеніп жатқанын көрген әйел заттарын құтқару үшін үйге кірген. Қарт әйел көмірқышқыл газынан уланып, күйіктермен ауруханаға жатқызылды",- деді дәрігерлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны