03.07.2007, 16:07 2912

Семейде өткен тәулікте бес жол апаты болып, 9 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті

СЕМЕЙ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Семейде өткен тәулікте бес жол апаты болып, 9 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семейдің жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Станция төрағасының орынбасары Мәнсия Иукенованың хабарлауынша, бір апат қаладағы шіркеудің маңында болған. "Мазда" және "Жигули" автокөліктерінің соқығысуы салдарынан 29 жастағы "Жигули" жолаушысы басынан жарақаттанып, миы шайқалды. "Оның жұбайы әйеліне салоннан шығуға көмектесу көліктен шыққан кезде сол жерден өтіп бара жатқан "КамАЗ" оны байқамай соғып кеткен", - дейді М. Иукенова. Соның салдарынан ер адам да басы мен аяғынан жарақаттанып, екеуі де ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны