03.01.2008, 11:43 1523

Семейде петардтың жарылуынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі бала

Семейде петардтың жарылуынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі бала

Семей. 3 қаңтар. "Қазақтан Бүгін" - Семейде петардтың жарылуынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі бала. Бұл туралы агенттік тілшісіне медициналық жедел жәрдем қызметінде хабарлады.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні екі адам жарақат алды. "Қолында петардты ұстаған 6 жастағы баланың арқасына от ұшқыны түсіп, 1-2 дәрежелі күйікке шалынды. Сонымен бірге, 43 жастағы ер адамның екі көзі күйіп қалды", - деп түсіндірді стансада.

Сонымен бірге, 1 және 2 қаңтарда 8 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді. "Педардттың жарылуынан бір баланың көзі күйіп, екіншісінің оң қолының алақаны күйіп қалды", - деді дәрігерлер.

Барлық зардап шеккендер қала ауруханаларына таңылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны