29.09.2011, 11:30 4372

Семейде полиция өкілдері бірінші сынып оқушысын зорлап кеткен адам туралы ақпаратқа 100 мың теңге беруге дайын

Семейден тағы бір азғынға қатысты хабар келіп түскен. Ондағы полиция өткен аптада бірінші сынып оқушысын зорлап кеткен адам туралы ақпаратқа 100 мың теңге беруге дайын. Тәртіп сақшылары педофил бостандықта жүре берсе, тағы бір баланы жәбірлеп кете ме деп қорқып отыр.

Семей. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Семейде полиция өкілдері бірінші сынып оқушысын зорлап кеткен адам туралы ақпаратқа 100 мың теңге беруге дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

КТК тиелеарнасының хабарлауынша, Семейден тағы бір азғынға қатысты хабар келіп түскен. Ондағы полиция өткен аптада бірінші сынып оқушысын зорлап кеткен адам туралы ақпаратқа 100 мың теңге беруге дайын. Тәртіп сақшылары педофил бостандықта жүре берсе, тағы бір баланы жәбірлеп кете ме деп қорқып отыр.

"Кімде-кім Макаровтың жүрген жерін, мекен-жайын анықтаса, оған сыйақы бар. Және де оның аты-жөні жасырылады",- деп мәлім етті Семей қалалық ІІБ ақпарат бөлімінің инспекторы Мират Еникеев.

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының 43 жастағы тумасы Юрий Макаровтың фотосуреті еліміздің барлық қаласына жіберілген.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада жеті жасар бала ауруханаға жараланып түскен болатын. Педофил оны мектеп жанынан күтіп алып, жұрт көзінен таса жерге апарып, ойына келгенін істеген. Өкінішке қарай баланы жәбірлеуге қатысты ақпараттар әлі толастамай жатыр. Қарағандыда үшінші сыныптың екі оқушысын зорлаған педофил ұсталды. Ал Жамбыл облысында біреу 12 жасар қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Ол да құрықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны