28.02.2007, 11:02 3008

Семейде шалғайға жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілерінен қалаға кіргені үшін ақша сыпырып алатын қылмыскерлер тобы қолға түсті

СЕМЕЙ.28 ақпан. Kazakhstan Today. Семейде шалғайға жүк тасымаддаушы көлік жүргізушілерінен қалаға кіргені үшін ақша сыпырып алатын қылмыскерлер тобы қолға түсті. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Семей ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің аға маманы Мұрат Турубаев хабарлады.

"2006 жылдан бері әрекет еткен қылмыстық топ 5 адамнан тұрған. Олардың көсемі бұған дейін адам өлтірген, қарақшылық жасағаны үшін сотталған, Чеченец деген лақап атпен танымал Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны",-деді полицей.

М.Турубаевтың айтуынша, қылмыскерлер мынадай жоспармен ақша алған: "...трассаларда ауыр жүк тиелген көліктерді тоқтатып, пышақпен қорқыта отырып, жүргізушіден Семейге кіргені үшін 5 мың теңге талап еткен". Бұл үшін жүргізуші қолына: "Мына көлікке тимеңдер. Семейге кіргені үшін ақы төлеген. Сұлтанның қарақшылары",-деген жазуы бар қағаз ұстататын болған.

М.Турубаевтің айтуынша, қылмыстық топ оперативті -іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Қазірдің өзінде зардап шеккен 30 көлік жүргізуші анықталды. Олардың арасында Ресей азаматы да бар.

Қолға түскендердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бопсалау жөніндегі" 181- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны