30.06.2008, 13:49 3260

Семейде шаң дауылдың салдарын жоюда

Семейде шаң дауылдың салдарын жоюда

Семей. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семейде шаң дауылдың салдарын жоюда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше 14 сағат шамасында қалада шаңды дауыл соқты. Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік энергетикалық компаниясының ақпаратына сәйкес, 25 электр жалғастыру желісі үзілген. Соның салдарынан Восход, Солнечная долина және Полковничий аралдары жарықсыз қалды.

"Негізінен аралда желі көбірек үзілген, мұнда көп ағаш құлады. Қазір ақауларды жоюға күш жұмылдырыдуда. Бірінші кезекте жаппай болған ақаулар, сосын жекелеген ақаулар қалпына келтірілуде. 7 апаттық бригада жұмыс істеуде", -деп түсіндірді өңірлік компаниядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны