07.03.2007, 14:14 3682

Семейде топтасып төбелесу кезінде бір жасөспірім мерт болды

СЕМЕЙ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде топтасып төбелесу кезінде 16 жасар жасөспірім мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының Ішкі істер басқармасынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға қаланың орталығындағы кафелердің бірінде болған. "Кафеде жүрген екі топ жас жігіттердің арасында түсініспеушілік туып, олардың арасында төбелес шыққан",- деді баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов. Жігіттер одан әрі далада топтасып төбелескен. 16 жасар жасөспірім төбелес барысында алған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталған. Олардың ішінде тек біреуі ғана кәмелеттік жасқа толмаған, ал басқалары 20 - 25 жас аралығындағылар. Қайтыс болған баланы тікелей соққыға жықты деген үш күдікті анықталып отыр. "Қазір дәл кімнің соққысы өлімге апарып соққанын анықтау мақсатында жедел - тергеу шаралары жүргізілуде",- деді Е. Оспанов.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру" жөніндегі 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны