10.10.2006, 11:03 2967

Семейде траншея топырағының опырылып кетуі салдарынан екі жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 10-қазан. Kazakhstan Today. Семейде траншея топырағының опырылып кетуі салдарынан "ЦАРП" ЖШС-нің екі жұмысшысы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға кеше күндіз Школьная көшесінде болған. Жұмысшылар кәріз құбырын тарту үшін траншея қазып жатқан. Осы кезде топырақ опырылып кетіп, 43 жастағы екі жұмысшы үйіндінің астында қалған.

Қаза тапқандардың мәйітін 40 минуттан кейін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны