06.07.2006, 12:05 2913

Семейде жиҺаз фабрикасының күзетшісі тонаушыны жарақаттады

СЕМЕЙ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Семейде жиҺаз фабрикасына қарақшылық шабуыл жасалып, соның салдарынан тонаушылардың біріне оқ тиді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жедел жәрдем станциясынан хабарлаған.

Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Мәнсия Иукенованың айтуынша, үш тонаушы фабрика аумағына кешкі 22 сағат шамасында басып кірген. Кірген бетте әлгілер күзетшіге дүрсе қоя беріп, оны қарусыздандырмақ болған. “Тонаушыларға қаратып оқ атқан күзетші тонаушылардың бірін жарақаттайды. Оқ тонаушының самайынан тиіп, ол зауыт аумағында жығылып қалған. Ал қалған екі тонаушы оқиға орнынан қашып құтылған”,- дейді дәрігер.

39 жастағы тонаушы облыстық ауруханаға жатқызылды. Ол қазір әл үстінде. Тәртіп сақшылары оқиға орнында тексеру жүргізіп, қалған күдіктілерді іздестіруде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны