08.01.2008, 15:35 2781

Семейде жылу қазандығының бірінде орын алған апаттан қаланың 3 мөлтек ауданы жылусыз калды

Семейде жылу қазандығының бірінде орын алған апаттан қаланың 3 мөлтек ауданы жылусыз калды

Семей. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жылу қазандығының бірінде орын алған апаттан қаланың 3 мөлтек ауданы жылусыз калды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қатты аяз болғанда мал-дәрігерлік институттарының жылу қазандығының бірі қарқынды жұмыс режимінің салмағынан істеп шыққан. ", - деп хабарлады жылу қазандығының басшысы Александр Кусков.

Апаттың салдарынан жылу қазандығының қуаттылығы төмендеп, 342, 343 және 352 аудандарындағы үйлер жылусыз қалды. Осындай жағдайға әлеуметтік маңызы бар облыс ауруханасы, мектеп, балалар бақшасы да тап болды.

Осыған орай, қала әкімдігі төтенше жағдайды жариялап, арнайы комиссияны құрды. Істен шыққан қазандықтар үш күннен кейін қалпына келтірілді.

Алайда, мұндай жағдай қайталанбайтынына мамандар кепілдік бере алмайды. "Егер қазандық істеп шығатын болса, онда қалған екеуінің күші жеткіліксіз болады. Бұл қазандықты толық жөндеу үшін, қажетті құрал-жабдықтар да жоқ. Сондықтан, кезекті апатты жағдай орын алса, толық көлемде жылу бере алмайтын боламыз", - деп атап өтті А. Кусков.

"Қазір жағдай орнықты.Жұмысшылар тәулік бойы жұмыс істеді, көмір жеткілікті. Бірақ болашақта толық күрделі жөндеу жұмысын жасау қажет ", - деп қорытындылады қазандық басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны