21.08.2006, 10:22 2788

Семейде жол апатынан он адам зардап шекті

СЕМЕЙ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Семейде жол апатынан он адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, жол апаты сенбі күні болған. 15 сағат шамасында Қабанбай батыр көшесінде жеңіл автокөлік пен "Газель" шағын автобусы соғысып қалды. Автобуста 12 адам отырған. "Газель" шағын автобусы бірнеше мәрте аунап кеткен. Соның салдарынан жараланған 10 жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында алты жасар бала бар. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны