11.02.2010, 09:37 1327

Семейде жол апатының салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Семейде жол апатының салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Семейде жол апатының салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Мичурин көшесінде сағат 23.30-да "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан 23 жастағы жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды; 21 және 28 жастағы екі жолаушы жігіт ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны