08.12.2009, 15:40 2824

Семейде жолаушылар тасымалдайтын екі шағын автобустың соқтығысуынан кейін 20 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Семейде жолаушылар тасымалдайтын екі шағын автобустың соқтығысуынан кейін 20 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Семей. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Семейде жолаушылар тасымалдайтын екі шағын автобустың соқтығысуынан кейін 20 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Семейдің жедел жәрдем ауруханасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің хабарлауынша, жолаушылар тасымалдайтын екі шағын автобустың соқтығысуы салдарынан 7 адам орташа дәрежелі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. "Кейін екі жолаушы жұмыс орнынан көмек шақырды, бір адам Иуезов кіші станциясына жатқызылды, бір адам үйіне шақырды. Сондай-ақ, 9 адам жарақат бөлімінен көмек сұрай келді",- деп хабарлайды станциядағылар.

"Зардап шеккендердің арасында 1996 жылы туған бала бар. Бір науқастың қабырғасы сынған болуы мүмкін деген күдік бар, қалғандарын бастарынан жарақаттанған",- деп хабарлайды мекеме.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең аспалы көпірде апат болып, №209 және №9 бағытта келе жатқан екі шағын автобус соқтығысты.

Апаттың себептері анықталуда.

Басқармадағылардың айтуынша, күннің шұғыл суытуына байланысты жолдарда көліктердің бұзылуы көбейген, автокөліктердің соляркасы қатып қалуда.

Бүгін таңертең аймақта ауаның температурасы 29 градус аязға дейін төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны