Система Orphus

Семейдегі "Ақсұңқар" базарында өрт сөндірушілердің жұмысына өрт сөндіру гидранттарының алшақтығы мен бейберекетсіз орналастырылған автотұрақтар кедергі келтіруде (толықтырылған нұсқа)

11.12.2007, 18:55 2513

Семей. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейдегі "Ақсұңқар" базарында өрт сөндірушілердің жұмысына өрт сөндіру гидранттарының алшақтығы мен бейберекетсіз орналастырылған автотұрақтар кедергі келтіруде. Бұл туралы Семей мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының бастығы Нұржан Райымов хабарлады.

Оның ақпаратына сәйкес, өрт сөндірушілер базарға баратын жол автокөліктерге лықа толып қалғандықтан, өз міндеттерін орындауға кірісті. "Базар орналасқан Чехов көшесі бейберекет тұрғызылған автотұрақтарға толы және іс жүзінде қоршауда болған. Кейбір автокөліктер қазірге дейін өрт сөндірушілерге қиындық тудыруда. Өйткені, олардың қожайындары табылмай жатыр", - деді Н. Райымов.

Сонымен бірге өрт сөндіретін гидранттарға қатысты да қиындық туындаған. "Олар базар аумағынан қашықта орналасқан. Олардың ең жақыны шамамен 100 метр қашықтықта. Сонымен бірге жұмыс барысында барлық кәріз жүйелерінің қақпақтары қарға лықа толып қалғаны анықталды, ал олар арагідік тазартылып тұруға тиіс", -деді Н. Райымов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, базардағы өрт бүгін күндіз шыққан. "Алдымен азық-түлік өнімдері салынған қағаз қобдишалар жанып, жалын одан әрі таралған. Қазіргі жағдаймен егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, өйткені, барлық қызметкерлер өрт шыққан жерде жүр", - дейді кезекші бөлімдегілер.

"Өртке үшінші дәреже берілді- бұл аса күрделі өрт деген сөз. Оны ауыздықтауға Семейдің өртке қарсы күрес қызметінің барлық бөлімшелері шоғырландырылды. Оқиға орнында 15 техника жұмыс істеп жатыр", -деп түсіндірді кезекші бөлімдегілер. Базар аумағын Семей ІІБ жол полициясы бөлімінің қызметкерлері қоршауға алды.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "алдын-ала жорамалға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдағы қысқаша тұйықталу себеп болған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны