23.09.2010, 14:12 3416

Семейдегі әскери қалашықта Ф-1 гранатасы табылды

Семейдегі № 1 әскери қалашықтың бақылап өткізу бекетінің жанынан Ф-1 гранатасына ұқсас темір зат табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Семейдегі № 1 әскери қалашықтың бақылап өткізу бекетінің жанынан Ф-1 гранатасына ұқсас темір зат табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, гранатаға ұқсас зат кеше сағат 18.30 табылған. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында аталмыш зат жою үшін тәркіленді.

Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметінің 17 адам мен 5 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 9 адам мен 2 техника облыс бойынша ТЖД-ның жеке құрамының қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны