05.04.2012, 11:19 4201

Семейдегі екі қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 3 адам зардап шекті

"5 ақпан сағат 02:12-де Семей қаласындағы Дулатов көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерінен өрт шығып, жалын баспалдақ алаңына шарпыған".

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Семейдегі екі қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "5 ақпан сағат 02:12-де Семей қаласындағы Дулатов көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерінен өрт шығып, жалын баспалдақ алаңына шарпыған".

Өр салдарынан 1941 жылы туған Ю. Шульженко, 1991 жылы туған З. Байжуманова, 1998 жылы туған А.Сәдуақасова әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп жабарлайды баспасөз қызметі. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 24 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны