18.08.2011, 10:45 2787

Семейдегі кафелердің бірінде өрт шықты

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өртті сөндіру кезінде 2-3 дәрежелі күйікпен дәмхананың 55 жастағы қызметкері табылған. Ол ауруханаға жатқызылды.

Астана. 18-тамыз. Kazakhstan Today - Семейдегі кафелердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, Семейде 17 тамызда тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан "У Али" дәмханасы өртенген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өртті сөндіру кезінде 2-3 дәрежелі күйікпен дәмхананың 55 жастағы қызметкері табылған. Ол ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 8.24-те оқшауланып, сағат 8.34-те сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы шақырымды құрады.

ТЖД болжауынша, өрттің шығуына газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны