25.08.2011, 10:45 2878

Семейдегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылыс салдарынан бір адам зардап шекті

Тілсіз жауды тоқтату үшін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 18 адамы ме 6 техникасы жұмылдырылды.

Астана. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Семейдегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылыс салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Семей қаласындағы "Семпромстрой" кәсіпорнының аумағында қолдан жасалған бөшкедегі битумды қоспа жарылған.

Соның салдарынан бөшке тұрған аумақтағы құрылғы мен құрғақ шөп өртенген. Жалын бір сағаттан кейін ауыздықталды. Тілсіз жауды тоқтату үшін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 18 адамы ме 6 техникасы жұмылдырылды.

Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан "Достар" ЖШС-ның 39 жастағы жұмысшысын күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны