11.09.2006, 16:05 3389

Семейдегі тергеу абақтысынан 14 жыл бұрын қашып кеткен қылмыскерлер ұсталды

СЕМЕЙ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейдегі тергеу абақтысынан осыдан 14 жыл бұрын қашып кеткен екі қылмыскер ұсталды. Олар бір жігіттің өліміне қатысы бар күдіктілер ретінде отырған болатын. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің бастығы Серік Қожабеков хабарлады.

Оның айтуынша, 1992-жылдың 20-қазанында мерзімді әскери борышын өтеп жүрген екі әскер 36/803 әскери бөлімшеге демалыстан кейін қайтып келе жатқан. Жолай олар бір 20 жастағы жігітпен танысады. "Илгі жігіт жақсы киінген екен. Сол себепті әскерлер оны тонап алу туралы қаскөй ниетке келеді. Бір әскер жігітті басынан ұрса, екіншісі тамағынан бауыздап жіберген. Сөйтіп, оның киімдерін шешіп алып, бөлімшеге қайтып келген",- дейді С.Қожабаев.

Шұғыл шаралардан кейін әскерилер қолға түскен. Алайда, конвойдың немқұрайдылығы салдарынан олар тергеу абақтысынан қашып кетіп, 14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған".

2006-жылдың басында өлімге қатысы бар күдіктілердің Ресей аумағында жүргені анықталды. "Осы жылдар бойы жасырынып жүру барысында да күдіктілер Ресей мен Украина аумағында бірқатар басқа да қылмыстарға барған", дейді әділет полковнигі.

С.Қожабаевтың айтуынша, қазір бір қылмыскер Новосибирск қаласында тағы бір қылмысы үшін жазасын өтеп жүр. Жаза мерзімі аяқталған соң ол Семейге экстрадицияланып, онда сотқа тартылады. "Екінші күдікті Орынбор облысында ұсталды. Қазір ол ҚР Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру жөніндегі" 96-бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылды",- деді С.Қожабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны