10.09.2009, 09:55 1430

Семейдің іргесінде апат салдарынан 1,5 мыңдай абонент жарықсыз қалды

Семейдің іргесінде апат салдарынан 1,5 мыңдай абонент жарықсыз қалды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Семейдің іргесінде апат салдарынан 1555 абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 қыркүйекте Приречное ауылында сағат 16.45-те ОРУ-10 110 кВ аумағында трансформатор өртенді. Өрт салдарынан Приречное, Гранитный, Мұздыбай, Семей қаласының іргесіндегі ауылдардың бір бөлігі, шамамен 1555 абонент жарықсыз қалды. Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 14 адамының күшімен 18 сағат 19 минутта сөндірілді.

Шығыс Қазақстанның Өңірлік электр компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын 10 қыркүйекке жоспарлап отыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны