06.01.2011, 17:12 3962

Семейдің теміржол станциясында өрт шықты, құрбан болғандар жоқ

Семей теміржол стансысында ірі өрт болып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Семей теміржол стансысында ірі өрт болып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, бүгін түнде Семей станциясы вокзалы маңындағы алаңдағы төрт қабатты электротехникалық орталықтандыру бекеті қызыл жалынға оранды.

"Ғимараттың 3-4 қабаттарынан шыққан өрт 380 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше оқиға орнынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген ведомство ақпаратында.

Қызыл жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 101 маманы мен 17 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны