09.11.2006, 11:36 2962

Семейлік құтқарушылар Ертіске батып кеткен балықшыны іздестіріп жатыр

СЕМЕЙ. 9-қараша. Kazakhstan Today. Семейлік құтқарушылар Ертіске батып кеткен балықшыны іздестіріп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық судан құтқару станциясынан хабарлады.

Сүңгуірлердің айтуынша, сәрсенбі күні таңертең екі ер адам резеңке қайықпен Ертісте Гранитный ауылының маңында балық аулап жүрген. "белгісіз себеппен олардың қайығы аударылып кетіп, балықшылар суға құлаған. 48 жастағы ер адам бірден судың бетіне шықса, 65 жастағы қарт балықшы суға батып кетті. Оның мәйіті әлі іздестіріліп жатыр",- дейді станциядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны