02.10.2006, 15:38 3085

Семейлік тәртіп сақшылары алматылық азаматтан 18 килограмм марихуана тәркіледі

СЕМЕЙ. 2-қазан. Kazakhstan Today. Семейлік тәртіп сақшылары алматылық азаматтан 18 килограмм марихуана тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей ІІБ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімінің оперативтік уәкілі Айдар Ыдырысов хабарлады.

Тәртіп сақшысының ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылындағы бір үйде ұсталды. "Ол келген үйдің құс қорасынан үлкен үш қорап табылып, одан 18 килограмм марихуана шықты",- деді ақпарат көзі.

29 жастағы жігіт Семей өңірінде туған, бірақ қазір Алматыда тұрады. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату жөніндегі" 259-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны