23.03.2011, 12:46 3728

Шахтада болған жарылыстан 24 адам қаза тапты

Шахтада болған жарылыстан 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 23 - наурыз. Kazakhstan Today - Шахтада болған жарылыстан 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Пәкістанда шахтада жарылыс болып, 24 адам қаза тапқан. Жер астында қамалып қалған 31 кеншінің тағдыры белгісіз.

Қазір кен орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, шахтада метан газы жарылған. Кен орны нашар желдетілгендіктен, онда газ жиналып қалыпты. Жарылыс болған шахта Белуджистан провинциясындағы Кветта қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны