08.02.2010, 16:27 4520

Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі екі қызды қағып өлтірді

Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі екі қызды қағып өлтірді

Қарағанды. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі екі қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 ақпанда Абай даңғылындағы №70 үйдің жанында 44 жастағы "Хуан-Хай" автобусының жүргізушісі айналу маневрін жасаймын деп 22 және 19 жастағы апалы-сіңлілі екі қызды қағып кетті. Апат салдарынан екі қыз қаза тапты. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны