27.12.2011, 10:24 3563

Шахтинскдегі тіс емханасының лифтісінде өрт шықты

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 4 қабатты стамотологиялық клиниканың жұмыс істемейтін лифт шахтасының 0,5 шаршы метр аймағы жанып кеткен.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шахтинскдегі тіс емханасының лифтісінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 4 қабатты стамотологиялық клиниканың жұмыс істемейтін лифт шахтасының 0,5 шаршы метр аймағы жанып кеткен.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ осы оқиға кезінде 49 адам, соның ішінде 5 бала қауіпсіз аймаққа көшірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны