28.02.2012, 09:42 4375

Шахтинскіде 1 кг жуық героин тәркіленді

"Шахтинскіде 27 ақпан күні, түскі сағат бір шамасында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адамды ұстады, оның сырт киімінің қалтасынан 23,57 грамм героин анықталып, тәркіленді. Оның үйін тінту барысында бұл есірткінің тағы 840,62 грамы табылды", -делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарағанды. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Шахтинскіде 1 кг жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында полиция қызметкерлері бұған дейін қарақшылық үшін істі болған азаматты аса ірі көлемдегі есірткі затымен ұстаған.

"Шахтинскіде 27 ақпан күні, түскі сағат бір шамасында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адамды ұстады, оның сырт киімінің қалтасынан 23,57 грамм героин анықталып, тәркіленді. Оның үйін тінту барысында бұл есірткінің тағы 840,62 грамы табылды", -делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Полициядан нақтылағандай, ұсталған азамат 2003 жылы қарақшылық үшін істі болды.

ІІД-нің берген мәліметіне сәйкес, өткен жылы Қарағанды облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 152 келіден астам есірткіні тәркіледі, оның 25 келісі - героин. Ал ағымдағы жылдың басынан бұл заттың 180 келісі тәркіленді, оның ішінде шамамен 10 келісі - героин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны