10.06.2008, 10:20 1291

Шахтинскіде өрт салдарынан екі бала қаза болды

Шахтинскіде өрт салдарынан екі бала қаза болды

Астана.10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шахтинскіде өрт салдарынан екі бала қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып .

ТЖМ мәліметтері бойынша, Шахтинск қаласында 9 маусымда 14 сағат 30 минутта бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Соның салдарынан жас нәресте көз жұмып, 4 жасар бала көмір қышқыл газынан уланып, ауруханада қайтыс болды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өртті ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің жеке құрамның 10 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны