05.04.2012, 13:29 4265

Шамалған базарындағы киім-кешек сататын дүңгіршектер отқа оранды

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Шамалған стансасындағы "Нұржамал" базарында киім-кешек сататын дүңгіршектер өрт құшағына оранған. Тілсіз жау шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Шамалған базарындағы киім-кешек сататын дүңгіршектер отқа оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде келген шығын көлемі анықталуда.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Шамалған стансасындағы "Нұржамал" базарында киім-кешек сататын дүңгіршектер өрт құшағына оранған. Тілсіз жау шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны