27.04.2007, 13:52 3114

Шекарада героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Қазақстан аумағына героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекарадан өтетін тұлғаларға шекаралық бақылау жүргізу барысында наряд назарына Қырғызстан азаматы іліккен. "Тінту барысында еркектің денесіне скотчпен жапсырылған героин салынған дорба табылған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 650 граммды құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны