26.06.2006, 13:12 2817

Шекарашылар Таразда қырғызстандық әйелден 10 килограмм гашиш тәркіледі

АЛМАТЫ. 26-маусым. Kazakhstan Today. “Қордай” өткізу бекетінің шекарашылары қырғызстандық әйелден 10 килограмм гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Қазақстанға бет алған көлік құралдарын тінту кезінде таксимен келе жатқан бір қырғызстандық әйел ұсталды. Одан полиэтилен дорбаға салынған 10 килограмм гашиш тәркіленді.

Іс одан әрі тексеру үшін “Қордай” кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімінің қызметкерлеріне өткерілді.

Тұтастай алғанда өткен аптада шекарашылар 26 контрабандалық деректің бетін ашып, мемлекеттік шекара бұзған 364 адамды ұстады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны