06.06.2008, 10:34 1221

Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарында үш адам суға батып кетті

Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарында үш адам суға батып кетті

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарында үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 5 маусымда сағат 10.00-да Қойлық ауылында (Алматы облысы) Мекетово көлінде жүзіп жүрген бір әйел суға батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Сондай-ақ, 4 маусымда сағат 15.00-де Маяк (ШҚО) ауылындағы қазаншұңқырға бір ер адам батып кетті. Мәйітті жергіілкті тұрғындар судан шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Атырау облысының Балықшы ауылында 15-16 жас шамасындағы жасөспірім суға батып кетті, оның аты-жөні анықталған жоқ. Судан құтқару қызметі оның мәйітін іздестіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны