31.07.2008, 10:07 2893

Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті

Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Алакөл ауданының Көктума ауылында 29 шілдеде сағат 19.00-де Алакөлге 58 жастағы ер адам; Қарағандының Октябрь ауданында 30 шілдеде сағат 14.25-те "Голубые пруды" су қоймасына 22 жастағы жігіт; Шығыс Қазақстан облысының Глубокосвкий ауданы Опытное ауылында жасанды су қоймасына 30 шілдеде сағат 09.00-де 49 жастағы ер адам; Семейде 30 шілдеде сағат 18.00-де қазаншұңқырға 47 жастағы ер адам батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны