23.12.2009, 13:47 2638

Шығыс Қазақстан облысында 200 жуық адам мен 20-дан астам автокөлік қардың құрсауында қалды

Шығыс Қазақстан облысында 200 жуық адам мен 20-дан астам автокөлік қардың құрсауында қалды

Cемей. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында 200 жуық адам мен 20-дан астам автокөлік қардың құрсауында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Омск - Майқапшағай тас жолында, Көкпекті ауданындағы Қалбатау - Көкпекті - Ақсуат бөлігі және Тарбағатай аудандарындағы жол бөліктерінде боранға байланысты жолдардағы көру қашықтығы нашарлады. Күн райының осындай қолайсыздығына байланысты адамдар мен техника қардың құрсауында қалды.

"Жылыту бөлімшелеріне 191 адам жеткізілді. Жолдарда 10 жүк, 17 жеңіл көлік пен 1 автобус тұр. Жүргізушілер өз көліктерін күзету үшін өз еріктерімен оқиға орнында қалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құтқару жұмыстары орнында облыс әкімінің орынбасары мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы барды.

Еске сала кетейік, кеше ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті күн райы күрт бұзылып, суытатындығын ескерткен болатын. Олардың болжамына сәйкес, алдағы тәуліктерде өңірде күн райы күрт бұзылады. Атап айтсақ, ауаның температурасы минус 38 - 42 градусқа дейін төмендемек.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын алуды сұрады. Атап айтсақ, аса қажет болмаған жағдайда ашық ауада ұзақ уақыт болмауды сұрауда. Сондай-ақ, мамандар елдімекеннен тысқары шықпауды, пештің қауіпсіздігін қадағалауды сұрауда.

Сондай-ақ, бүгін таңертең ТЖМ баспасөз қызметі Шығыс Қазақстан облысында кеше кешке сағат 20.30-дан бастап боранға байланысты барлық автокөлік түрлері үшін барлық бағыттарда қозғалыс тоқтатылды деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны