30.03.2007, 10:29 2512

Шығыс Қазақстан облысында автокөлік пен тепловоздың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында автокөлік пен тепловоздың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат бейсенбі күні түстен кейін Глубоковское ауданында болған. "Ертіс-зауыт" - "Тау бөктері" өткелегінің 203-ші шақырымында "УАЗ-3962" автокөлігінің жүргізушісі темір жолдың реттелмейтін өткеліне шығып кетуге байланысты тепловозбен соғысқан",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға салдарынан автокөлікте отырған 70 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші мен 69 жастағы тағы бір жолаушы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны