09.04.2007, 13:47 3084

Шығыс Қазақстан облысында бір жасөспірім жаңжал кезінде өз әкесін өлтірді

СЕМЕЙ. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында бір жасөспірім жаңжал кезінде өз әкесін өлтірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кісі өлімі Көкпекті ауданының Шұғылбай ауылында болған. 11-сыныпта оқитын 16 жасар ұл өз әкесіне асхана пышағын салып алған. Сол жақ қабырғасы мен тамағынан жарақаттанған 41 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылған.

Жасөспірім ұсталып, бірден қылмысын мойындады. Оның айтуынша, әкесін жаңжал салдарынан өлтіріп алған. Қазір тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны