05.01.2010, 10:02 1528

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырмада сең бөгелу салдарынан үш жер үй су ішінде қалды

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырмада сең бөгелу салдарынан үш жер үй су ішінде қалды

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырмада сең бөгелу салдарынан бір елдімекенде үш жер үй су ішінде қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қатон-Қарағай ауданында кеше сағат 05.00-де Бұқтырмада сең бөгелді. Соның салдарынан Бірлік ауылындағы үш жай үй қора-қопсысымен қоса су ішінде қалды. Су алған аймақтан 12 адам көшірілді.

Басқа үйлер мен қора-жайларға су алу қаупі төніп тұрған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны