09.08.2011, 12:56 3205

Шығыс Қазақстан облысында дала өрті ауыздықталды

Түнгі сағат 2.30 шамасында өртенген жер қоршауға алынып, 9-тамыз күні сағат 4.00-де толық өшірілге.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында 7 тамызда сағат 19.15 шамасында "Қанай", "Жүзбай", "Ағашиген", "Дәулет", "Қазаншұңқыр" учаскелерінде дала өртенген.

Түнгі сағат 2.30 шамасында өртенген жер қоршауға алынып, 9-тамыз күні сағат 4.00-де толық өшірілге.

Өртенген жердің жалпы көлемі 5 мың га. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 15 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны