28.05.2007, 18:01 2856

Шығыс Қазақстан облысында демалыс базасының аумағында өрт шықты, құрбан болғандар жоқ

СЕМЕЙ. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы "Аюда" демалыс базасының аумағында өрт шықты, құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қыземтінің ақпараттарына сүйенсек, қамыс өртеуге бақылау қоймау салдарынан шыққан өрт екі қабатты үйді шарпыған. Өрт сөндірушілердің күшімен жалын сол маңайдағы құрылыстарға жеткен жоқ, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, демалыс орнының қызметкерлері айтуынша, өрт электр тасымалдау желісіндегі қысқаша тұйықталудан шыққан. Қазір анықтаушылар мұқият тексеру жүргізіп, өрттің шығу себебін анықтауда.

Баспасөз қызметіндегілер, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері демалыс базасының өрт-техникалық ахуалын толық тексергендігін атап өтті. "Өткен жылы өрт сөндірушілер базаның директорына бірқатар заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын, атап айтқанда жұмысшылар аумақты құрғақ ағаштардан тазалауға тиіс болған. Ескерту жартылай ғана орындалған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Саяжай маусымының ашылуына дейін база қызметкерлері үйлерді орманды алқаптан бөліп тұратын жердің қазылған жолағын тартуға тиіс. Тексеру нәтижесінде демалыс базасының аумағында өрт қаупі жоғары деген бір учаске жабылады. Бұл құрылыс және бояу материалдары сақталатын қойма. Аталмыш нысанды жабу базаға келушілердің демалысына ешқандай әсер етпейді, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны