12.06.2007, 10:06 1291

Шығыс Қазақстан облысында екі көшкін түсті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында екі көшкін түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 10-маусым күні кешке Катон-Қарағай ауданында Согорное-Печи тас жолының 17 және 23 шақырымында көлемі тиісінше 50 және 100 текше метрлік екі көшкін түсті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қозғалыс тоқтаған жоқ, жолдар тазартылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны