31.01.2007, 19:49 6673

Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды

ӨСКЕМЕН. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінен.

"Шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері екі жарым жасар қыздың денесі мен қанға малынған пышақ тапқан",- дейді баспасөз қызметінде. "Жедел-тергеу тобы қаныпезерді табуға барлық күшін салды",- деді сұхбаттасушы.

Кешікпей қыздың 26-жасар анасы құрықталды. "Жауап алу барысында әйел оның өз баласы емес екендігіне сенімді болғандығын, оны белгісіз бір күштің қыздан тез арада құтылуға итермелегенін айтты",- деді полиция қызметкері.

Қазіргі уақытта бала өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел психиатриялық сараптамаға жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны