11.03.2010, 12:31 2914

Шығыс Қазақстан облысында электр қамтамасыздығы желісінің апаттық жағдайда үзілуі салдарынан 4,5 астам абонент жарықсыз қалды

Шығыс Қазақстан облысында электр қамтамасыздығы желісінің апаттық жағдайда үзілуі салдарынан 4,5 астам абонент жарықсыз қалды

Астана. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында электр қамтамасыздығы желісінің апаттық жағдайда үзілуі салдарынан 4,5 астам абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, наурыздың 9-ынан 10-ына қараған түні жылдамдығы секундына 25 - 30 метрге жеткен күшті желдің салдарынан облыс аумағында 4760 абонент электр қамтамасыздығынан қағылды.

Атап айтсақ, "Аягөз ауданында - 1900 тұтынушы; Чингужи, Сартерек, Мыңбұлақ, Знаменка ауылдарында - 1120; Глубоковское ауданындағы Винное, Веселовка ауылдарында - 940; Жарма ауданының Михайловка, Жарма, Қаратөбе, Кентарлау, Былқылдақ ауылдарында 800 тұтынушы жарықсыз қалды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Апаттан қалпына келтіру жұмыстарына Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясының 26 бригадасы (73 адам) мен 26 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны