30.01.2007, 15:33 3146

Шығыс Қазақстан облысында елік атқан браконьер құрықталды

ӨСКЕМЕН. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында елік атқан браконьер құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментінен хабарлады.

Браконьерді өлтірілген жануардың терісін сыпыру үстінде, 27-қаңтарда өсімдік және хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі жедел отрядтың қызметкерлері құрықтаған.

Өсімдік және хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі отрядтың бастығы Александр Казинскийдің сөзіне сүйенсек, ұсталған Өскеменнің тұрғыны. "Ол Көкпекті ауданындағы Қарақас маңында аң аулаған. Күдіктіден айғақ ретінде заңсыз және де тыйым салынған мерізімде ауланған жеті еліктің еті тәркіленді",- деді А. Казинский.

Қазіргі уақытта, ұсталған азаматқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 288-бабының 3-тармағы бойынша (заңсыз аң аулау) айып тағылуда.

Табиғат ресурстары департаментінде хабарлағандай, мемлекетке келген шығын көлемі 764 400 теңгені құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны