22.01.2009, 12:02 1476

Шығыс Қазақстан облысында қар астында қалған жарушының мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында қар астында қалған жарушының мәйіті табылды

Өскемен. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында қар астында қалған жарушының мәйіті табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында алдын алу мақсатындағы қар көшкінін қолдан түсіру жұмыстары кезінде он бір адам қар астында қалып, он адам құтқарылған.

Олар түрлі дәрежедегі жарақат алған. "Қазақселденқорғау" мекемесі Өскемен-Зырьяновск тас жолының тұсындағы тауларда жоспарлы жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Бұл жерде жыл сайын үлкен қар көшкіні жиналады. Шараға қатысуға республикалық және жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері шақырылған. Шамамен күндізгі төрттің шамасында, жарылғыш заттарды орнату жұмыстары кезінде өздігінен қар көшіп, он бір адамды қар басып қалған. Зардап шеккендердің арасында тілшілер де бар. Журналистердің бірі аяғынан жарақат алған. Ол қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жарылғыш затты тау бөктеріндегі ұңғыға орналастырып жатқан қызметкерді құтқарушылар бригадасы арнайы дайындықтан өткен иісшіл иттермен іздестіру арқылы тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны