26.02.2007, 09:21 1372

Шығыс Қазақстан облысында қатты желден үзіліп қалған электр қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында қатты желден үзіліп қалған электр қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

23-24-ақпанда Шығыс Қазақстан облысында, Жарма, Күршім, Көкпекті, Үржар, Шемонаиха және Семей өңірлерінде жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен қатты желдің салдарынан 20 подстанция апатты жағдайда тоқтан ажыратылды.

Атап айтсақ, Жарма ауданында 276 тұтынушыға қызмет ететін 2 подстанция, Күршім ауданында 708 тұтынушыға қызмет ететін 3 подстанция, Үржар ауданында 708 тұтынушыға қызмет ететін 1 подстанция, Шемонаиха ауданында 1079 тұтынушыға қызмет ететін 5 подстанция, Семей өңірінде 1505 тұтынушыға қызмет ететін 7 подстанция үзілді.

25 ақпандағы 23 сағаттағы жағдаймен электр қамтамасыздығы толық көлемде қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны