30.06.2006, 09:44 6936

Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” кенішінде жұмысшы жарақаттанды

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” корпорациясының Белоусовск кенішінде тау жынысының опрылып түсуі салдарынан жұмысшы жарақаттанды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 29-маусымда 11 сағат 30 минутта болған.
Соның салдарынан жарақаттанған жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жұмысшыны министрліктің 10 адамы жер бетіне шығарып алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны