22.02.2007, 11:11 2866

Шығыс Қазақстан облысында "Қазцинк" кен орнында тау жыныстары опырылып түсті: құтқарушылар адамдарды іздеп жатыр

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында "Қазцинк" АҚ игеріп жатқан Сокольский кен орнында тау жыныстары опырылып түсті; алдын-ала мәліметке сәйкес үйінді астында адамдар қалған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тау жыныстары бүгін 6 сағат 11 минутта опырылып түскен. Үйінді астында екі адам қалған болуы ықтимал.

Қазір оқиға орнында тау-кен саласының құтқарушылары взводының 10 адамы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны