13.05.2009, 09:31 1650

Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" АҚ өндірістік кешенінде өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" АҚ өндірістік кешенінде өрт шықты

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" АҚ өндірістік кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 12 мамырда сағат 17.29-да Риддер қаласындағы "Қазмырыш" АҚ-ына тиесілі мырыш зауытында шыққан.

"Өндірістік кешен аумағында электр қондырғыны пайдаланған кезде сыйымдылығы 12 тонналық ТРДН 63 МВА майлы трансформатор өртенді, соның салдарынан трансформатор майы төгіліп, 36 шаршы метр аумақта өрт шықты", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, құрбан болғандар мен зарлап шеккен ешкім жоқ. Өрт ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 19 адамының күшімен 23 сағат 05 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны